Сот Ресей ішкі істер министрлігінің қызметкерін шешен азаматтарына азаптау мен қорлық көрсетті деген айыппен 11 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл осындай айыппен сот үкімі шыққан бірінші қылмыстық іс.
Сергей Лапин ОМОН арнайы күштерінің мүшесі болған, ол қолына берген билікті асыра пайдалана отырып, шешен азаматы Зелимхан Мердаловты жазықсыз ұрып-соқты деп айыпталған. Мердаловтың тағдыры бүгінге дейін белгісіз.
Бүгінгі сотта Лапин өзін кінәсізбін деген. Бұл Ресей азаматына Шешенстан тұрғындарын азаптап қорлық көрсетті деген айып тағылған алғашқы сот ісі. Адам хұқтары тобы Ресей әскерлері Шешенстанның бейбіт тұрғындарына қарсы көптеген қорлық, зорлық-зомбылық көрсету істеріне барды деген айыптар тағып келген болатын.