НАТО өкілі Джеймс Аппасурей Брюссельде сөйлеген сөзінде, өз ұйымының Македониядағы сайлауларға байланысты Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының бастапқы бағаларымен танысқанын хабарлады. Демократиялық қалыптарға қарай Македонияның неғұрлым белсенді қадам жасауын НАТО-ның көргісі келетіндгін ол айтты. Жексенбі күнгі сайлаулар барысында қосып есептеулер мен сайлаушыларды қорқытып-үркітулердің орын алғандығы қынжылыс тудыруда. Бұл ел НАТО құрамына 2006-шы жылы мүше болуға үміттеніп отыр.