Accessibility links

Бүгін АҚШ Солтүстік Корея өзінің ядролық бағдарламасына қатысты халықаралық келіссөздерге қайта оралуы керек деп жаңа мәлімдеме жасады


Аталған келіссөздердегі АҚШ-тың арнайы өкілі Кристофер Хилл Гонконгта журналистерге берген сұхбатында, Солтүстік Корея осы келіссөздерді қайтадан бастауы тиіс деді.

Солтүстік Корея былтырғы маусым айында тоқтап қалған бұл келіссөздерге қайта оралудан бас тартқан болатын. Ақпан айында Солтүстік Корея өзінде ядролық қару-жарақ бар екенін жариялағаннан кейін, Солтүстік Кореяның келіссөздерге қайта оралуына шақырулар көбейе түсті.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG