Accessibility links

Рим папасы тағы ауруханаға түсе жаздады


Рим шіркеуінің басшылығы Папа Иоанн Павелдің денсаулығы тұрақты қалпына түсті деп хабарлады. Мұның алдында Иоанн Павелдің ыстығы қатты көтеріліп, оған қуық жолындағы инфекция себеп болды деп айтылған еді. Әзірге Рим шіркеуінің басшысын ауруханаға апару қажеттілігі жоқ делінеді. 84-жастағы Иоанн Павелдің тамағына осыдан екі апта бұрын операция жасалған болатын. Сәрсенбіден бастап Иоанн Павел мұрны арқылы тамақтандыру тәсіліне көшірілген.
XS
SM
MD
LG