Accessibility links

Қ.Бакиев: «Ақаев қызметінен кету туралы құжатқа Мәскеуде қол қою керек»


Қырғызстанның уақытша президенті Құрманбек Бакиев елден қашып кеткен президент Асқар Ақаевтың қызметінен ресми түрде кетуін талқылау үшін парламенттік комиссия құру керек деп мәлімдеді.

Интерфакс ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қ.Бакиев аталған комиссия Мәскеуге барып, Ақаевпен келіссөз жүргізуі тиіс деген.

- Асқар Ақаев қызметінен кету туралы құжатқа Мәскеуде қол қойып, Бішкекке жіберу керек, - деді Бакиев.

Ақаев жақын арада Қырғызстанға оралса, елде жаңа толқулар қозуы мүмкін, сондықтан оның елден тасқары жүре тұрғаны жөн деп санайды Қ.Бакиев.
XS
SM
MD
LG