Нью-Йорк биржасында мұнайдың бір баррелі кеше 57 доллар 27 центке бағаланды. Сарапшылар бұған мұнай бағасы өседі деген болжамдар әсер етті дейді, кейбір болжамда мұнай бағасы 100 доллардан асуы мүмкін деп айтылған болатын. "Голдман Сач" деген жетекші банк Сауд Арабиясы сияқты негізгі мұнай өндіруші елдерде саяси берекесіздік қаупі бар, сондықтан бұл қауіп мұнай бағасының ұзақ мерзімге қымбаттауына ықпал жасап отыр дейді.