Accessibility links

81-жастағы елбасы Мугабе ел басынан кетер емес


Зимбабве елінде парламент сайлауының алдын-ала қортындысы шығып, көпшілік мандатты президент Роберт Мугабе басқаратын билеуші партия иеленді. Оппозиция және шетел бақылаушылары сайлауда жаппай бұрмалаушылық болды деп айтты.

Оппозициядағы "Демократиялық таңдау Қозғалысының" төрағасы Морган Чанггурие Зимбабве азаматтары өз сайлау құқықтарын және берген дауыстарын қорғау керек деп мәлімдеді. Ал 81-жастағы президент Мугабе елді 1980 жылдан бері - Зимбабве тәуелсіздік алғаннан бастап басқарып келеді.
XS
SM
MD
LG