ВАШИНГТОН. Бүгін Украина президенті Виктор Ющенко АҚШ Конгресінің екі палатасында да сөз сөйлейді. Саяси сарапшылардың атап көрсетуінше, мұндай мүмкіндік, әдетте, АҚШ-тың ең жақын одақтастарына ғана берілетін көрінеді. Кеше Бостон қаласында В.Ющенко Джон Кеннеди атындағы мәртебелі “Ерлігі үшін” белгісімен марапатталды. Дүйсенбі күні украин лидері Вашингтонда АҚШ президенті Дж.Бушпен келіссөз өткізді.