Accessibility links

Әр-Риадта көптен бері қолға түспей жүрген ислам экстремисі оққа ұшты


ӘР-РИАД. Сауд Арабиясында көптен бері бас сауғалап жүрген ислам экстремистерінің бірі - Абдул Рахман Мохаммед Әл-Йаджи оққа ұшты. Қауіпсіздік қызметінің мәліметі бойынша, ол “Әл-Қаида” ұйымының белсендісі болған. Әр-Риадта болған екіжақты атыста тағы 2 экстремист пен 1 полиция қызметкері қаза тапқан. Саудияның басқа бір қаласы Әр-Расста экстремистерге қарсы тінту шарасы барысында кем дегенде 10 лаңкес, соның ішінде 2003 жылдың мамырында Марокканың Касабланка қаласындағы террористік қастандықты ұйымдастырды деп күдіктелген лаңкес оққа ұшты.
XS
SM
MD
LG