СРИНАГАР. Бүгін ислам экстремистері Үндістанның Кашмир штатына қарайтын Сринагар қаласында жолаушылар осы штаттың Пәкістанға қарайтын бөлігіне қатынайтын автобусты тосып отырған ғимаратқа шабуыл жасап, үнді қауіпсіздік күштерімен арадағы атыс барысында кем дегенде 2 экстремист оққа ұшты. Полицияның хабарлауынша, жолаушылардың барлығы да қауіпсіз жерге жеткізілген.