Accessibility links

Украина елбасы Виктор Ющенко АҚШ Конгресінің біріккен отырысында сөз сөйледі


Ол өз елінде азаматтық қоғамның біртіндеп нығайып келе жатқанын айта келіп, болашақ реформаларға қолдау көрсету мақсатында АҚШ-тан экономикалық көмек сұрады. Президент Ющенко Америкаға өзінің үш күндік сапары екі ел арасындағы байланыстардың жаңа дәуірінің басталғандығын жария еткендей болғанын айтқан. Сондай-ақ, ол Украинадағы өткен президент сайлауы барысында ресейшіл бағыттағы үкіметті биліктен кетіру үшін өз кандидатурасын қолдағаны үшін АҚШ-қа алғыс айтты.

Сонымен бірге, Ющенко мырза Конгрестен қырғи-қабақ соғысы жылдары салынған шектеулердің Украинаға қатысты тұстарын алып тастауды сұрады. Украин президенті Конгресс үйіне кірген кезде заң шығарушылар қызғылт-сары түсті шарфтар мен бас киімдерін бұлғап, оған қошемет көрсетті. Бұл түс Украинадағы революция кезінде Ющенконың жақтастары тарапынан арнайы белгі ретінде қабылданған болатын.
XS
SM
MD
LG