Accessibility links

Әзірбайжан полициясы қамаудағы оппозиция жетекшісін бостандыққа шығарды


БАКУ. Тақау күндері Бакуде тұтқындалған Әзірбайжан ішкі істер министрлігінің бұрынғы басшысы, оппозициялық ұлттық-демокартиялық партия төрағасы Искендер Гамидов босатылды деп хабарлайды “Азаттық” радиосының тілшісі.

Бейсенбі күні бетперде киген қарулы адамдар Гамидовты оның партиясы орналасқан штаб-пәтеріне жақын жерде тоқтатып, оны көмекшісімен және көлік жүргізушісімен бірге алып кеткен болатын. Әзірбайжан Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі оппозиция лидері полицейлердің намысына тигені үшін ұсталған деп мәлімдеген.

Гамидов бұған дейін қызмет бабын пайдаланды және мемлкет мүлкін ұрлады деген айыппен 8 жыл түрмеде отырды. Ол 2003 жылдың желтоқсан айында, Еуропа Кеңесінің Парламенттік ассамблеясы саяси тұтқындар санатына жатқызған 165 адамға президент жарлығымен рақымшылық жарияланған кезде бостандыққа шығарылған.
XS
SM
MD
LG