Accessibility links

Ақаев “тұңғыш президент” мәртебесімен байланысты барлық жеңілдіктерден айырылды


БІШКЕК. Қырғызстан парламенті Асқар Ақаевты “тұңғыш президент” мәртебесімен байланысты барлық жеңілдіктер мен артықшылықтардан айырды. “Азаттық” радиосы тілшісінің хабарлауынша, депутаттар заңнамадан “Қырғызстанның тұңғыш президенті” деген ұғымды алып тастауға дауыс берді. Ақаев елдің саяси өміріне белсенді түрде араласу құқығын жоғалтты, ал оның отбасы президент отбасына берілетін кепілдіктерден айырылды. Бұл өзгерістердің барлығы тек мемлекет басшысы қызметін атқарушы Құрманбек Бакиев мақұлдағаннан кейін ғана күшіне енеді. Бұл дүйсенбі күні жүзеге асады деп топшыланып отыр. Депутаттар дәл сол күні Ақаевтың қызметінен кетуі туралы мәселені де қарауды жоспарлап отыр.
XS
SM
MD
LG