ВАТИКАН. Бүгін Қасиетті Петр соборы алдындағы алаңда сенбі күні 84 жасында көз жұмған Рим Папасы Иоанн Павел II-ні соңғы сапарға аттандыру рәсімі өтті. Рим папасының мәйіті салынған табыт жерлеу үшін қасиетті Петр соборына жеткізілді. Ватикан өкілдерінің айтуынша, понтифик Апостол Петрдің сүйегі жатыр деп есептелінетін жерге тақау жерленді. Оған дейін 3 сағат бойы Папаны соңғы сапарға аттандыру рәсімі өтті.
Римге, Иоанн Павел ІІ-імен қоштасу үшін миллиондаған адам жиналды. Папамен қоштасу рәсіміне жалпы саны 200 мемлекет басшылары мен үкімет жетекшілері және барлық негізгі діндердің жоғары лауазымды өкілдері қатысты. Римнің әуе жолдары жабылып, қалаға қосымша қауіпсіздік күштері жұмылдырылған.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Рим Папасы Иоанн Павел ІІ-іні жерлеу рәсіміне Парламент Сенатының төрағасы Нұртай Әбіқаев бастаған Қазақстан делегациясы да қатысты.