Accessibility links

Тәжік оппозициясының жетекшісі Махмадрузи Искандаров келесі президент сайлауына түсетінін мәлімдеді


Оппозициядағы Тәжікстан демократиялық партиясының жетекшісі Махмадрузи Искандаров алдағы президент сайлауына үміткер ретінде бәсекеге түсу ниеті барын айтты.

- Президент сайлауына түсу - менің мақсатым. Бірақ, Тәжікстанда сайлауда еркін қатысу үшін заң ережесі, сөз бостандығы, таңдау еркіндігі болуы керек, - дейді Махмадрузи Искандаров.

Бұған дейін Тәжікстанның заң орындары М.Искандаровты қаржы жымқырған және лаңкестік топпен байланысы бар деп айыптап, қара тізімге енгізген болатын. Ол өткен жылғы желтоқсанда Мәскеуде тұтқындалды. Бірақ, заң органы оның мойнына кінә қоя алмағаннан соң, Искандаров бейсенбі күні бостандыққа шығарылған.

AzattyqTV

Жаһан жаңалықтары

Жээнбеков кім?

XS
SM
MD
LG