Accessibility links

ЕҚЫҰ елшісі Петерле Қырғызстанда жағдай күрделі қалпында қалып отырғанын айтты


Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның арнаулы елшісі Петерле, Қырғызстанда өткен айда болған үкіметтік аласапыраннан кейін екі апта өткенімен, елдегі жағдай күрделі қалпында қалып отыр дейді. Петерленің айтуынша, саяси жағдай біршама реттелгенімен, жағдай әлі де болса тұрақтанбаған. Бұған республика Парламентінің биліктен тайдырылған президент Ақаевтың отставкасын қабылдамағаны және Жоғарғы соттың оппозиция жетекшілерінің бірі Феликс Құловқа тағылған айыптарды түгелдей алып тастамағаны да себепші болып отыр. Наурыздың 24-і күні наразы жұрт Үкімет үйіне басып кірердің алдында президент А.Ақаев өз отбасымен белгісіз бағытта қашып кеткен болатын.
XS
SM
MD
LG