Accessibility links

Ресейде бұрын құпия қызметтің басшылығында болған генералды атып кеткен


Хабарларға қарағанда, бүгін Ресей құпия қызметінің бұрынғы басшысының орынбасары генерал Анатолий Трофимов атып өлтірілген. Полиция өкілдерінің хабарлауынша, екі беймәлім адам генерал мен оның әйеліне оқ атқан. Генерал сол жерде опат болып, әйелі жараланған.

Трофимов 1996 жылға дейін Ресей құпия қызметінің Мәскеудегі бөліміне жетекшілік еткен, кейін сол кездегі президент Борис Ельцин оны қызметінен босатқан.
XS
SM
MD
LG