Accessibility links

Ирақтың жаңа президенті Жалал Талабани АҚШ әскерінің Ирақта одан әрі қала беруін қолдайды


Си-Эн-Эн телеарнасына берген сұхбатында, Талабани Ирақ армиясы толықтай құрылғанға дейін, коалиция әскерлері Ирақта қалуы керек деді. Ал, Ирақтың Бағдад және басқа қалаларында АҚШ әскерлеріне қарсы жаппай шерулер өтті. Бұл шерулерді шииттердің көсемі Мұхтада әс-Садрдың қолдаушылары ұйымдастырды.

Сондай-ақ, Пәкістан ресми өкілдері Ирақтағы Пәкістан елшілігінің өкілі ұрланды деп хабарлады.

- Мәлік Мохаммад Жавед сенбі күні кешкі намазын оқимын деп, мешітке кеткен болатын, бірақ, содан ол үйге оралған жоқ. Оны ұрлап әкеткен деген хабар бар, - деді Пәкістан ақпарат министрі Шейх Рашид Ахмед.
XS
SM
MD
LG