Accessibility links

1907 жылы Ресейде 1 өлке мен 2 автономиялық аймақтың орнына бір “Красноярск өлкесі” құрылады


КРАСНОЯРСК: Ресейдің Красноярск өлкесі мен Эвенкия және Таймыр автономиялық аймақтары тұрғындарының басым көпшілігі жексенбі күні болып өткен референдумда үш аймақтың бірігуін қолдап дауыс берді. Өлкелік сайлау комиссиясының төрағасы К.Бочаровтың хабарлауынша, барлық бюллетень есептелген Эвенкияда халықтың 80 пайызға жуығы қолдаған болса, бақылаушылар Красноярскі мен Таймырдан да осындай нәтиже шығады деп болжап отыр. Егер бастапқы осы қорытынды расталатын болса, 2007 жылдың 1 қаңтарынан кейін Ресейдің “Красноярскі өлкесі” деген жаңа аймағы пайда болады.
XS
SM
MD
LG