НИКОСИЯ: Кеше Түріктердің Кипр республикасының президентін сайлауда қазіргі премьер-министр Мехмет Әли Талат 56 пайызға жуық дауыспен жеңіске жетті. Сайлау қорытындысы жарияланған соң Талат: “Осы сәтте мен біздің аралымызда бейбітшілік орнату мен ортақ мәселемізді бірлесіп шешу үшін – аралды тағы да біріктіріп көру мақсатында Кипр гректері мен олардың лидерлеріне өз қолымды созамын”, -деп мәлімдеді. Түріктердің Кипр республикасын жарты ғасырдан ұзақ билеп-төстеп келген бұрынғы президент Р.Денкташ аралдың грек бөлігімен бірігуді онша қолдамай келді. Мехмет Талат Еуроодақ пен БҰҰ-ын Кипрді біріктіруге қолқабыс етуге шақырды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Классикалық үлгідегі саяси партия қалыптаспады". Дос Көшімнің қос сұхбаты