Accessibility links

БҰҰ-ның бас хатшысы Кофи Аннан Қытай мен Жапонияны өзара бәтуаға келуге шақырды


Кофи Аннаның айтуынша, Қытай мен Жапониялық ресмилер бейсенбі күні Индонезияда ашылатын Азия-Африка саммитінде кездесіп, өзара кеңесулері лазым екен. Ал кеше Пекинде Қытай сыртқы министрі Ли Жаоксин жапондық әріптесі Махимурамен кездескен.

Жапонияның сыртқы істер министрі соңғы 3 аптада Қытайда ұйымдастырылып жатқан Жапонияға қарсы шерулер үшін Қытай кешірім сұрап, өтемақы төлесін деп талап еткен болатын. Бірақ, қытайлық министр «біз кешірім сұрамаймыз, себебі, 60 жыл бұрын жапон үкіметі бізге қарсы қылмыстық күш көрсеткені шындық» деген.

AzattyqTV

Жаһан жаңалықтары

Жээнбеков кім?

XS
SM
MD
LG