Accessibility links

"Хьюмэн райтс уотч" БҰҰ-ын Ауғанстанға бақылаушыларын көбірек жіберуге шақырады


КАБУЛ. Адам құқықтары бойынша “Хьюман райтс уотч” ұйымының мәлімдеуінше, Ауғанстандағы адам құқықтарының ахуалы ушығып тұр. Аталмыш ұйымның мәлімдемесінде Ауғанстанның көп ауданында жергілікті дала қолбасылары мен қарулы топтардың әлі де ешбір бақылаусыз үстемдік етіп отырғаны айтылады. Жергілікті халықтың, әсіресе әйелдердің құқы өрескел бұзылып, аяусыз тоналу үстінде. "Хьюмэн райтс уотч" ұйымы БҰҰ-ын Ауғанстанға өз бақылаушыларын көбірек жіберуге шақырып отыр.
XS
SM
MD
LG