Accessibility links

Қазақстанда жаңа демократиялық “Нағыз “Ақ жол” партиясы құрылады


АЛМАТЫ. Қазақстанның Демократиялық “Ақ жол” партиясының тең төрағалары Болат Әбілов, Алтынбак Сәрсенбайұлы және Ораз Жандосов “Нағыз “Ақ жол” деп аталатын жаңа саяси партия құрмақшы. Ол жайында “Ақ жол” партиясының үш тең төрағасы Алматы қаласында бүгін өткізген баспасөз-маслихатында мәлімдеді деп хабарлайды KZ-today. О.Жандосовтың атап көрсетуінше, жаңа партияда алқалық басқару тәртібі сақталады. “Тең төрағалар” институты, оның пікірінше, тиімді басқаруға бөгет болмайды. Одан бұрын Болат Әбілов Демократиялық “Ақ жол” партиясы іс жүзінде бөлінді деп мәлімдеген болатын.
XS
SM
MD
LG