Биылғы “Болашақ” халықаралық стипендиясына үміткер ретінде жасы 35-ке дейінгі, магистр, докторлық (Ph.D) ғылым дәрежеcін алғысы келетін азаматтармен қатар, бакалавр дәрежесін алғысы келетін мектеп бітіруші кез-келген жас та қатысып, бақтарын сынай алатын болады.
Алматыдағы Абылайхан атындағы Әлем тілдер университетінің студенті Айман Әлімова осы байқауға қатысып, өз бағын сынауға әзірленіп жатқан жастардың бірі.
- Өз ізденісіммен “Болашақ” бағдарламасына қатысуға дайындалып жатырмын. Египеттің Каир университетінің ағылшын-араб тілі филологиясына барсам деген арманым бар. Қазір сынаққа дайындық үстіндемін, үмітім үлкен. Ол іске аса ма – осы жазда белгілі болады, - дейді «Азаттық» радиосына өз сырымен бөліскен Айман.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін биыл бітіргелі отырған Айнұр Қасымжанова өз білімін одан әрі шет елде жалғастырғысы келеді. Ол “Болашақ” бағдарламасының атын естігені болмаса, ол жайында өзінің хабары аз екенін айтады. Оның себебін Айнұр жоғары оқу орындарында аталған бағдарлама туралы кеңірек ақпараттық жұмыстар жүргізілмейді деп түсіндіреді.
- Мен шығыстану факультетін қытай тілі мамандығы бойынша бітіріп жатырмын. Білімімді одан әрі тереңдеткім келеді. Сол үшін “Болашақ” бағдарламасы жайлы толығырақ білгім елген еді. Бірақ, өзіме керекті ақпараттарды таба алмадым. Жастар үшін маңызды мұндай байқауларға ақпараттық-насихаттық жұмыстар оқу орны басшылары мен білім және ғылым министрлігі тарапынан кеңірек жүргізілу керек деп санаймын.
Ал ағылшын тілі факультетінде оқитын Жанар есімді студент өзінің көбіне Алматыдағы «Бритиш консул» ұйымының және американдық Маски сияқты бағдарламалардың кітапханаларына жиі баратынын айтады.
- Ол жерде сол бағдарламаларға қатысты ақпарат жетерлік, жарнамалар да көбірек жүргізіледі. Ал “Болашақ” бағдарламасы туралы керекті ақпаратты ала алмайсың. Бұл дегеніңіз “Болашаққа” кез-келген адам қол жеткізе алмайды деген сөз, - деген ойын білдіреді студент Жанар «Азаттық» радиосына.
Қазақстандық жастардың осындай пікір-тілектерін айтып, Қазақстанның Білім және ғылым министрлігіне телефон шалған «Азаттық» радиосына аталған министрліктің баспасөз хатшысы Жанар Үсіпбекова келесідей жауап айтты:
- Көкектің 19-ынан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы «Болашақ» халықаралық стипендиясына конкурс жарияланды. Президент Н.Назарбаевтың республика халқына 2005 жылғы жолдауында осы «Болашақ» стипендиаттарының санын көбейту жөнінде айтылған болатын. Осыған орай, биылғы жылы 3 мың қазақстандық жас шет елге оқуға жіберілетін болады. Биылғы бір ерекшелік - стипендия тек магистр және ғылым докторы дәрежесін алу үшін ғана емес, сонымен қатар бакалавр дәрежесін алу үшін де берілетін болады.
Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі өкілінің айтуынша, басты талап - үміткерлердің шет тілін меңгеруі шарт. Тек Қытай елінде білім алуға тілек білдірген жастарға тіл үйренуге 1 жылдық жеңілдік қарастырылған. Қабылдау сынақтары біртұтас ұлттық және кешенді тестілеу өткеннен кейін 2005 жылғы шілде айында болады.
Сынақта 90 ұпай жинай алмаған үміткерлер өз мүмкіндіктерінен айырылады. Іріктеу ережесі, басым мамандықтар қажетті құжаттар тізбесі, сондай-ақ, осы конкурс жөнінде қосымша ақпараттар Білім және ғылым министрлігінің Интернеттегі ресми сайтында орналасқан: www.edu.gov.kz
Магистр, докторлық (Ph.D) дәрежесін алуға, сондай-ақ, медициналық мамандық бойынша клиникалық ординатура және аспирантура кадрларына конкурсқа жасы 35-ке дейінгі, жоғары білімі бар азаматтар қатыса алады.
“Болашақ” бағдарламасына қызығушылық танытқан әрбір жас Алматы қаласында 547203, ал Астана қаласында 210403 телефондарына хабарласып, толыққанды мәлімет алуларына болады.