ДУШАНБЕ. Америка Құрама Штаттары Тәжікстанның мемлекеттік және тәуелсіз баспасөз құралдарында шыққан бір құжаттың түпнұсқа екенін түбегейлі жоққа шығарады. Алдымен ресейлік интернет-парақшасында, оның ізінше Тәжікстанның баспасөз құралдарында жарық көрген ол құжатта АҚШ-тың Қырғызстандағы елшісі Стивен Янг қырғыз президенті А.Ақаевты Американың үкіметтік емес ұйымдарының көмегімен құлату жоспарын дайындаған дегенге келтіретін деген ақпарат айтылған болатын. АҚШ-тың Тәжікстандағы елшілігінің өкілі Дженифер Уошелески бүгін бұл құжат қолдан жасалған, ол құжаттың не АҚШ үкіметіне, не болмаса АҚШ-тың не Бішкектегі, не Душанбедегі елшіліктеріне ешқандай қатысы жоқ деп мәлімдеді.