Accessibility links

Рим-католик шіркеуінің жаңа басшысы ІІ-інші Иоанн Павелдің бастамасын жалғастырғысы келеді


РИМ. Римнің жаңадан сайланған папасы ХVI-ншы Бенедикт өзінің алдындағы понтификтің христиандарды біріктіру және өзге діндермен арада диалог орнатпақ болған бастамасын жалғастырғысы келетінін білдірді. Бүгін Сикст капелласында оқыған бірінші мінәжәті - мессасында жаңа папа өзінің бірінші кезекте қолға алатын міндеттерін тізіп келтірді. Рим Папасы – жер бетінде католик дінін ұстанатын 1 млрд-қа жуық христианның рухани жетекшісі. Бірақ, католиктер – бүкіл әлемдегі барлық христианның тең жартысын құрайды. Рим-католик шіркеуіне қарамайтын өзге христандардың жетекшілері Рим Папасының бүгінгі жолдауын әрқилы қабылдады.
XS
SM
MD
LG