БІШКЕК. Бүгін Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы Құрманбек Бәкиев бұрынғы президент А.Ақаевты соңғы парламент сайлауының нәтижесін бұрмалауға өзі тікелей басшылық етті деп айыптады. Бүгін Бішкекте сөйлеген сөзінде Қ.Бәкиев мұндай айыптар А.Ақаевтың жеке архивінен табылған құжат-қағаздарға негізделген деп мәлімдеді.
- А.Ақаевтың біз тауып алған жеке архивіндегі құжаттар «А.Ақаев жақсы президент те, оның маңайындағылар жаман болды» деген пікірлердің шындыққа жанаспайтынын көрсетіп отыр. Сайлаушыларды сатып алу, сайлау қорытындысын бұрмалау сынды әрекеттерге А.Ақаевтың өзі тікелей басшылық еткен, - деп атап көрсетті Қ.Бәкиев.