Accessibility links

ИРАҚ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНЕ ҚАСТАНДЫҚ ЖАСАЛДЫ


Хабарларға қарағанда, кеше Ирақ премьер-министрі Айад Аллауиге жасалған қастандықтан ол аман қалған. Бағдадта Алауидің үйінің жанындағы жарылыстан 1 полиция қызметкері қаза болып, 4 адам жарақаттанған.

Сондай-ақ, Ирақ президенті Джалал Талабанидің мәлімдеуінше, Тигр өзенінен 50 адамның мәйіті табылған. Өткен аптада Маден қаласында суннилер шийт өкілдерін кепілдікте ұстап отыр деген хабар түскен-ді. Талабани осы өлтірілген 50 адам сол кепілдіктегі шийттер болуы мүмкін деді. Талабанидің атап көрсетуінше, құрбан болғандар мен бұл қылмысты жасағандардың аттары белгілі.

- Бүлікшілер 50-ден аса адамды өлтіріп, олардың мәйітін Тигр өзеніне тастаған. Құрбан болғандар мен бұл қылмысты жасағандардың аттары бізге мәлім. Премьер-министр Айад Аллауи бұл іспен шұғылданады, - деді Ирақ президенті Талабани.
XS
SM
MD
LG