Қазақстан президенті Н. Назарбаев Грузия мен Украина және Қырғызстанда билікті құлатуға әкелген оқиғалардың өріс алуының сыртында қандай себептер тұрғанын өзінің түсінетіндігін айта келіп, дәл мұндай жайттар Қазақстанда қайталанбайды деп уәде етті.
Назарбаев бұны бейсенбі күні Алматыда басталған IV халықаралық Еуразия медиа форумның ашылуында сөйлеген сөзінде айтты.
Қазақстан президенті кедейлік пен жұмыссыздық стратегиялық және экономикалық дамуды тежейді, мұның өзі жаппай наразылықты туғызып, ол төңкеріске себепкер болады деп атап көрсетті. Ол Қазақстан саяси және экономикалық реформалар арқылы ашық және еркін қоғам құрып жатыр, оның қатарында баспасөз және сот-әділет жүйесі бар дейді.
Қазақ оппозициясы президент Назарбаевқа коррупция айыбын тақса, Халықаралық адам хұқтары ұйымдары оны оппозиция мен БАҚ-ға қысым көрсетіп отыр деп айыптайды.
Қазақ оппозициясы президент Назарбаевқа коррупция айыбын тақса, Халықаралық адам хұқтары ұйымдары оны оппозиция мен БАҚ-ға қысым көрсетіп отыр деп айыптайды.