Ирақ премьер-министрі Ибрахим әл-Жаафари жаңа кабинет бүгін толық анықталады дегенімен, кейбір хабарларға қарағанда, бұл мәселеде келіспеушіліктер әлі бар. Талабанидың өзі болса, дәл бүгін үлкен жетістікке жетеміз деп үміттенбейді. Ол Ирақ халқын жек көрушілікті ұмытып, сектанттықтан бас тартуға шақырды.
Бүгін сондай-ақ, өздерін Әл-қайдалықпыз дейтін Әбу-Мұсаб әл Зарқауи тобы сәрсенбі күні Ирақтың орнынан кетіп бара жатқан премьер-министрі Аяд Аллауиға жасалған қастандық шабуылы үшін жауапкершілікті өз мойнына алды.