Accessibility links

Қырғызстан парламенті сайлауға қатысты бірқатар заң ережелерінің күшін жойды


Қырғызстан парламенті бүгін елде президент сайлауының алдында үміткер тізіміндегі бас министр және өзге үкімет басшылары қызметтен кетуі қажет деген заң күшін жойды. Сөйтіп, елдің қазіргі бас министрі және президент міндетін атқарушы Құрманбек Бақиев шілденің 10-ында өтетін сайлауға қатысатын болды.

Ал бұл уақытта Қырғызстанның орталық сайлау комиссиясы даулы сайлауда парламент мүшелігіне өткен Бермет Асқарқызы Ақаеваның депутаттық мандаты жөнінде мәселе қарауда. «Азаттық» радиосының Бішкектегі тілшісі хабарлағанындай, Қырғызстан бас прокуратурасы экс-президент Асқар Ақаевтың қызы мен күйеу баласының үстінен қылмыстық іс қозғамақ екен.
XS
SM
MD
LG