Accessibility links

ГУУАМ ұйымына мүше елдер саммиті басталды


Бүгін Кишиневта ГУУАМ аймақтық қауіпсіздік ұйымына мүше елдер -Грузия, Украина, Өзбекстан, Әзербайжан және Молдово өкілдерінің қатысуымен аталмған ұйымның саммиті басталды. Украина президенті Ющенконың айтуынша, күн тәртібінде Молдованың Приднестровье аймағынан бөлінуі мәселесі тұр. Украина мен Румыния президенттері Ющенко мен Басеску кеше, бейсенбіде Бухаресте кездескен еді. Приднестровье мәселесінде екі басшының көзқарасы бірдей. Ал Грузия елбасы М.Саакашвили Приднестровье жанжалын біртіндеп шешкен жөн деген пікірін білдірді.

- Бұл мәселені балансты түрде, біртіндеп шешкен лазым. Осыған орай, Украинаның әрекетін біз қолдаймыз. Себебі, Еуропадағы бұл аса нәзік мәселелер тараптардың мүддесіне орай шешілуі тиіс, - деді М.Саакашвили.

Грузия президентінің айтуынша, ГУУАМ елдерінің жетекшілері Беларусь мемлекетінің демократия жолына түсуіне көмектесуге әзір екен. ГУУАМ саммитіне Литва және Румыния президенттері Адамкус пен Басеску бақылаушы ретінде қатысып отыр. Сондай-ақ, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымынан, АҚШ елінен өкілдер бар. Бірақ, бұл жолғы саммитке Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов келмеді.
XS
SM
MD
LG