Accessibility links

Ирақтағы үш румыниялық журналистің өміріне қауіп төнді


Румыния президенті Траян Басесчу Ирақта кепілдікте отырған үш журналисімізді аман алып шығу үшін қолымыздан келетін барлық шараны атқарып жатырмыз деді. Басесчу көршілес Молдоваға жасаған сапарын үзіп, дағдарысты ресми өкілдермен талқылау үшін кеше ел астанасы Бухарестке қайтты. Ирақ көтерілісшіл тобы Румыния әскері елден төрт күннің ішінде шығарылмаса кепілдікке алынған үш румыниялық журналисті және олардың американдық аудармашысын өлтіреміз деп мәлімдеді.

"Әл Жәзира" араб телекомпаниясы жариялаған бейнетаспада наурыз айында кепілдікке түскен төрт азамат көрсетілді. Румыния Ирақта АҚШ бастаған бірлестік құрамында 800-дей сарбаз ұстап отыр. Румыния басшылығы Ирақтағы қызметімізді атқаруға берікпіз деді.
XS
SM
MD
LG