Accessibility links

Қазақстан оппозициясы елдің сайлау туралы заңына өзгерістер енгізуін айыптады


АЛМАТЫ. Аталған заңға сәйкес, Қазақстанда сайлау барысында және сайлаудан кейін митингілер мен шерулер өткізуге тиым салынған. Өзгерістер енгізілген сайлау туралы заң бүгіннен бастап күшіне енді. Оппозициялық топтардың айтуынша, аталған өзгерістер егер сайлау әділетсіз өтсе, онда оған қарсы наразылық акцияларды өткізбеуді көздеп отыр.

Сондай-ақ, Қазақстан полициясының сұрауы бойынша, Ресейде Қазақстанның “Республика” оппозициялық газетінің бас редакторы Ирина Петрушева ұсталған. Петрушеваның жеке басына және оның газетіне қауіп төнгеннен кейін, 2002 жылы ол Қазақстаннан Ресейге қашып кеткен еді. Қазақстан оппозициясының пікірінше, елде баспасөз бостандығына жаңадан қысым күшейе бастады.
XS
SM
MD
LG