Accessibility links

Ливанның шығысындағы әуе базасында бүгін Сирия күштерінің бұл елден толық шығарылуы салтанаты болады


14 мың әскеридің соңғы бөлігі бүгін шекарадан шығарылмақшы. Бұл шаралардың жүзеге асырылуын БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі қабылдаған қарарда талап етілген еді. Сондықтан аталған үдерістің шын мәнінде жүзеге асқандығын растау үшін БҰҰ өкілі Ливанға келмекші. Сирия құпия қызмет өкілдері болса елден дүйсенбі күні шығарылған болатын. Ол ғимараттарда Ливан тулары көтерілді.
XS
SM
MD
LG