Accessibility links

Ирақтағы саяси бос кеңістік сақталып отыр


Ирақ саясаткерлері жаңа өкімет құрамын анықтауды дүйсенбіде тағы да кейінге қалдырды. Осылайша елдегі саяси бос кеңістік үш айға созылып барады. Жаңа үкіметті тезірек жасақтауды Ирақ саясаткерлерінен Америка Құрама Штаттары талап етуде. Мемлекеттік хатшы Кондолиза Райстың айтуынша, бұған байланысты пікір-көзқарастарын АҚШ тарапы ирақтық бірнеше басшыларға ұсынған. Жаңа үкімет құрамында кімдер болуы керек деген сауалға ресми Вашингтон араласпайтындығын айтып отыр.
XS
SM
MD
LG