Accessibility links

Бүгін Арменияда аза тұту күні


ЕРЕВАН. Армян халқы бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Армян халқының жаппай қырылуының 90-жылдығын атап отыр. Армяндардың айтуынша, сол соғыс кезде армян халқының өкілдері түріктердің Осман империясының геноцидінен азап көрген. Ереванда аза тұту рәсіміне мыңдаған адам қатысып отыр. Ал сенбі күні Ереванда жаппай шерулер өткен. Шерушілер Түркиядан армян халқының 1.5 миллион өкілінің геноцид құрбаны болғанын мойындауды талап етті. Бірақ, түріктер бұны геноцид деп атаумен келіспейді.
XS
SM
MD
LG