МИНСК: Кеше Минскіде сейсенбілік рұқсатсыз митингі кезінде ұсталған Ресей, Беларуссия және Украина азаматтарының үстінен сот процесі жалғасуда. Олар Чернобыль апатының 19 жылдығына байланысты Беларуссиядағы адам құқықтарының бұзылуына наразылық білдіруге шықты. Олардың қатарында ресейлік жастардың “Яблоко” және “Оңшыл күштердің одағы” қозғалыстарының, беларусь пен украиндық жастар ұйымдарының белсенділері және журналистер болды. Жастардың көпшілігі әкімшілік жазаның түрлі мерзімдеріне кесіліп үлгерді. Бостандыққа қалғандардың айтуынша, ұсталғандардың көпшілігін милиция аяусыз соққыға жыққан.
Минскіде заңсыз митингіге қатысқан Ресей, Украина, Беларуссия азаматтарының соты жалғасуда.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Мәдениет алаңы
Ойлануға шақыратын қазақша үш фильм
-
Мемлекет және медиа
Соғыс мемлекеттік БАҚ үшін неліктен жабық тақырыпқа айналды?