БУХАРЕСТ: Румыния үкіметі Ирақта 3 румын журналисін тұтқында кепілдікте ұстап отырған экстремистерді өздерінің қойған шартын орындаудың мерзімін ұзартуға шақырды. Экстремистер егер Румыния Ирақтан 800 румын жауынгерін алып кетпесе, тұтқындағы 3 румын азаматын асып өлтіретінін мәлімдеген болатын. Румынияның Ромпресс агенттігі хабарлағандай, румын өкілдері экстремистермен байланысып, тұтқындағылардың әлі аман екеніне көз жеткізіп, олардан тұтқындағы жалғыз әйел Мэри Джин Ионды босатуын өтінген. Румын теледидары Ирақ президенті Ж.Талабанидің румын елшісімен кездесіп, тұтқындағыларды босату үшін барлық шара жасалып жатыр деп мәлімдегенін хабарлады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Тіл және жазу мәселесі
Түркі елдері ортақ латын әліпбиін енгізбек, бірақ оған Қырғызстан әлі дайын емес. Неге?
-
Азаттық зерттеуі | 4-бөлім
Дубайдағы Қазақстан: әкімдер