ИЕРУСАЛИМ: Бүгін Ресей президенті В.Путин Иерусалимде Израиль премьері Ариэль Шаронмен келіссөз өткізеді. Израильге тұңғыш аяқ басқан Ресей лидері В.Путин А.Шоранмен арада Таяу Шығыс жанжалы бойынша осы жылдың соңында Мәскеуде халықаралық бас қосу өткізу туралы өзінің ұсынысын талдайтынын атап көрсетті. В.Путиннің Мысыр президенті Хосни Мүбәрәкпен Қайырдағы келіссөзінен кейін жасаған бұл ұсынысын Палестина жағы қуана қолдаған болса, Израиль мен АҚШ салқын қабылдады. Жұма күні Ресей президенті Рамалла қаласында Палестина лидері Махмуд Аббаспен келіссөз өткізуге тиіс.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Ескертусіз, қасақана оқ ату"
"Бәрінің өмір сүру құқығы бұзылды". Қаңтар оқиғасын зерттеген құқық қорғаушылардың есебі
AzattyqTV