БАҒДАД: Ирақта 3 румын журналисін тұтқында ұстап отырған экстремистердің қойған шартын орындаудың соңғы мерзімі бүгін аяқталады. Экстремистер Румыния Ирақтағы 800 жауынгерін алып кетпейтін болса, тұтқынында отырған 4 адамды сейсенбі күні өлтіретінін мәлімдеген болса, “Әл-Жазира” телеарнасынан берілген бейнесюжетте экстремистер талап-шарты орындалмаған жағдайда қолындағы тұтқындарды бүгін өлтіруге кірісетіндерін мәлімдейді. Бейнетаспада қолдары кісенделген 3 румын журналисінің бастарына тапанша кезелгені көрсетіледі. Кеше Румынияның астанасы мен басқа да қалаларында әлгі журналистерді босатуға шақырған жиындар болып өтті.
Ирақта 3 румын журналисін тұтқында ұстап отырған экстремистер Бухарестен өз әскерін алып кетуді талап етеді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосына – 70 жыл
1992 жылғы 31 мамырдағы аза тұту күні неге Назарбаевсыз өтті?
AzattyqTV