Accessibility links

Бүгін Қазақстан премьер министрі Даниал Ахметов, үкімет мемлекет бақылауындағы 4 мың 892 республикалық кәсіпорынның 837-сін бәсекелі ортаға салатынын мәлімдеді


Оның айтуынша, Үкімет тапсырмасымен жұмыс істеген үш жұмыс тобы 4 мыңнан астам кәсіпорын қызметінің саны мен сапасына сараптама жасаған. Тексеру барысында олардың бірқатарының салық жөнінен бюджет алдында және жалақы жөнінен қызметкерлерінің алдында берешегі барлығы анықталған. Мұнымен қоса кейбір кәсіпорындарда даму жоспары және қаржылық жағдайын сауықтыру жөнінде қабылдаған шараларының жоқтығы белгілі болып отыр. Премьер министрі Даниал Ахметов, үкімет жекешелендіру жобасының қарарын тезірек жасайтын болады деген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG