Accessibility links

Ирақтағы қос бомбалық жарылыстан кем дегенде 15 адам қаза болып, 50-ден астамы жараланған


Бұл оқиға дүйсенбіге қараған кеште Бағдаттың Шула ауданында орын алды. Сондай-ақ, жексенбі күні Ирақта тағы 15 адам қаза болған. Оның 7-і Тикритте, 4-і Бағдаттың оңтүстігінде, ал келесі 4-і көтерілісшілер мен АҚШ әскерлерінің Хадисадағы шайқасы барысында қаза болған. Діни қайраткер Аятолла Әли әл-Систани Ирақ өкімет құрамын анықтау ісінің кешеуілдеуіне байланысты өзінің ашу-ызасын білдірді. Сондай-ақ “Сүнні мұсылман саяси өкілдері өкімет құрамына міндетті түрде енгізілуі керек” деген пікірін айтты.
XS
SM
MD
LG