Ош Мемлекеттік университетінің мұғалімдері мен студенттері Бакиевті үміткер ретінде атады. Оған дейін ар-Намыс партиясының басшысы Феликс Кулов, дәрігер Женішбек Назаралиев, іскер азамат Нұрбек Турдыкулов және басқа да аса танымал емес саясаткерлер үміткерлер ретінде аталған болатын. Алайда олардың ешқайсысы да тіркелуге қажетті құжаттарын сайлау өкілдеріне тапсыра қойған жоқ.