Accessibility links

Қырғызстанда ұлттық конституцияға өзгерістер енгізу жобасы дайындалуда.


БІШКЕК: Кеше Қырғызстанның конституциялық кеңесі ұлттық конституцияны реформалау жобасын әзірлеуге кірісті. Жаңа кеңес парламент депутаттары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен құрылды. Олар реформалар жобасын 10-ыншы шілдеде өтетін президент сайлауына дейін дайындап үлгеруге үміттенеді. Президенттің әрі премьер-министрдің міндетін уақытша атқарушы Қ.Бәкиев кеңес мүшелеріне президент пен депутаттарды сот жазасына жатпайтын құқынан айыруды және конституциядағы өлім жазасы бабын ғұмырлық жазамен алмастыруды ұсынды.
XS
SM
MD
LG