Accessibility links

Жапон премьері Люксембургте Еуроодақ басшыларымен келіссөз өткізеді.


ЛЮКСЕМБУРГ: Еуроодақ лидерлерімен келіссөз жүргізу үшін бүгін Жапония премьер-министрі Дзюничиро Коидзуми Люксембургке келді. Коидзуми Еуроодақтың Қытайға қару сатуға тыйым салатын шарасынан бас тарту жоспарына ресми Токионың наразылығын білдіруге тиіс. Жапон премьері мұндай жағдайдың Азиядағы қауіпсіздікке нұқсан келтіруі мүмкін екенін ескертпекші. Дүйсенбі күні Дзюничиро Коидзуми Еурокомиссияның президентімен, Люксембургтің премьер-министрімен және Еуроодақтың басқа да ресми өкілдерімен кездеседі. Жапон премьері Люксембургке Пәкістаннан ұшып келді.
XS
SM
MD
LG