БАҒДАД: Бүгін Ирақта түрлі шабуыл мен жарылыстардан кем дегенде 9 адам құрбан болып, 21 кісі жараланды. Шабуылдар Бағдад пен Хилла қалаларында ұйымдастырылды... Оның ішінде бүгін таңертең көтерілісшілер Бағдадта күзет постын атқылап, аяғынан жараланған бір полицейдің айтуынша, беттеріне маска киген қарақшылар күзет постын қоршап алып, оған жан-жақтан оқ жаудырған; ақырынды 5 полиция қызметкері оққа ұшқан. Бағдадтың іргесінде АҚШ пен Ирақ күштері халықаралық қайырымдылық ұйымының қызметкері, британ азаматшасы Маргарет Хассанды ұрлап алып кетіп, өлтіруге тікелей қатысы бар деген күдікпен 11 адамды қолға түсірді. Ирақ полициясының мәліметі бойынша, ұсталғандардың бесеуі әлгі қылмысқа қатысы болғанын мойындаған.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Өлексесі табылған малға ғана өтемақы төлейміз"
Су тасқынының шығыны қалай есептеліп жатыр?
-
Өскемен мен Семей
Жарыққа миллиардтаған несие жұмсаған қалада көше неге тас қараңғы?