Accessibility links

1-ші мамырда жаппай шерулер өтті


МӘСКЕУ: Мамырдың бірі күні, бүкіл әлемде миллиондаған адам Халықаралық жұмысшылар күнін атап өтіп, жаппай шерулер мен митингтер өткізді. Мәскеуде коммунисттер қолдарына қызыл жалаулар және Ленин мен Сталиннің портреттерін ұстап, көшеге шықты. Олар елдегі әлеуметтік реформаларға қарсы өз наразылықтарын білдірді. Германияда полиция қызметкерлері мен шерушілер арасында қақтығыстар орын алып, 65 адам тұтқынға алынды. Сондай-ақ, Түркияның Стамбул қаласында өткізілген шерулерде бірнеше адам қамауға алынды. Бангледеште, Ирақта және Непалда да митингтер өтті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG