МУСКАТ: Оман араб елінде ресми билікті құлатуға дайындалды деген айып бойынша бір топ адамға өкім шығарылды. 31 кісі 1 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандықтарынан айырылды. Өкім шығарған судьяның мәлімдеуінше, айыпталғандар Оманнның билеушісі сұлтан Кабустан қайырым сұрауға құқылы. Үстіміздегі жылы Оманда қарулы көтеріліске шығуды және сауда орталығы мен мәдениет фестиваліне шабуыл ұйымдастыруды жоспарлады деген күдікпен 100-ге жуық экстремист тұтқындалды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Тақ мұрагерлерінің" құпия өмірі
"Олар әкесін жақсы көреді". Путиннің ұлдары жайлы не белгілі?