ТАЛЛИНН: Еуроодақ өкілі Гюнтер Ферхойген егер Ресей Еуроодақпен жақсы қарым-қатынаста болғысы келсе, ол Совет өкіметінің Балтық елдерін 50-жылдай басып алуы зарар келтіргенін мойындауы керек деп мәлімдеді. Эстония астанасы Таллиннде сөйлеген сөзінде Ферхойген Ресей мен Еуроодақтың қарым-қатынасы ақиқатқа негізделіп құрылуы өте маңызды деді. Ол, сондай-ақ, бұл тақырыпты 10-шы мамырда Мәскеуде өтетін Еуроодақ пен Ресей саммитінде қозғамақшы.
Еуроодақ өкілі Гюнтер Ферхойген: “Ресей Совет өкіметінің Балтық елдерін басып алғанын мойындауы тиіс”
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Классикалық үлгідегі саяси партия қалыптаспады". Дос Көшімнің қос сұхбаты